Заңғар тұлға

Размер шрифта

IMG 3764Жазушы, заманымыздың заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын дәріптеу үшін кітапханамызда «Заңғар тұлға» атты әдеби досье шарасы өтті. Зағип оқырмандарға қазақ әдебиетіне кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы туралы тифлокомментарийлі бейнебаян көрсетілді және бедерлі - нүктелі кітаптар мен баспасөз басылымдарынан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Барлығы өз қолымызда!

Размер шрифта

IMG 37613 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні кітапханамызда«Барлығы өз қолымызда!» атты мейірім сабағы өтті.Оқырмандар назарына мүмкіндігі шектеулі ұлы адамдар туралы әңгіме ұсынылды. Ондай адамдардың бірі, оратор, меценат, жазушы – Ник Вуйчич. Шара соңында осы қаһарман туралы деректі фильм көрсетілді.

Толығырақ: Барлығы өз қолымызда!

Тәуелсіз елдің көшбасшысы

Размер шрифта

IMG 354926 қараша күні кітапханамызда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлі баяндалды. Біздің ерекше оқырмандар Елбасы, Отан туралы патриоттық әндерін шырқап, өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Оқырмандар мемлекеттік рәміздер туралы экспресс – викторинаға қатысты.

Толығырақ: Тәуелсіз елдің көшбасшысы

Еліміздің көшбасшысы

Размер шрифта

IMG 6558Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ана мен бала орталығының «Көз микрохирургиясы» бөлімі балалары үшін Елбасы өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында комментарийлі оқу шарасы өтті.

Толығырақ: Еліміздің көшбасшысы

Елбасының жұлдызды жолы

Размер шрифта

IMG 3489ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кітапханада №25 мектебінің бесінші сынып оқушылары үшін «Елбасының жұлдызды жолы» атты тарихи вояж өтті. Балалар Н.Ә.Назарбаевтың балалық, бозбала шағы, мектеп қабырғасындағы жылдары туралы әңгімені тыңдап, викторина сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ: Елбасының жұлдызды жолы